УДК 37.091.3:51

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ДӘРІС САБАҚТАРЫНДА ЗАМАНАУИ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Медетбеков М.М.1, Сулейменова Л.А.1, Белесова Д.Т.1
1М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы

Ключевые слова: Ақпараттық технологиялар, бейне дәріс

Medetbekov M.M.1, Suleymenova L.A.1, Belesova D.T.1
1South Kazakhstan State University named after M.O. Auezov

Библиографическая ссылка на статью:
Медетбеков М.М., Сулейменова Л.А., Белесова Д.Т. Жоғары оқу орындарының дәріс сабақтарында заманауи ақпараттық технологияларды қолдану // Современная педагогика. 2013. № 4 [Электронный ресурс]. URL: https://pedagogika.snauka.ru/2013/04/1759 (дата обращения: 15.07.2023).

Білім беру үрдісін қолдайтын электрондық құралдар аясындағы жүйелі зерттеулердің 30 жылдық тарихы бар. Осы уақыт аралығында АҚШ-та, Канадада, Англияда, Францияда, Жапонияда және басқа мемлекеттерде оқыту мақсатында ақпараттық және телекомуникациялық техниканың әр түрлі типтеріне бағытталған көптеген компьютерлік жүйелер жасап шығарылды. Мұндай құралдар ірі өндіріс орындарында, әскери және қоғамдық ұйымдарда қолданылады.

Шет елдерде әдістемелік және бағдарламалық-ақпараттық құралдарды жасау қымбат жұмыс деп есептеледі. Себебі, бұл іс жоғары ғылымилықты және жоғары дәрежелі мамандардың: психолог, оқытушы, компьютерлік дизайнер және т.б. біріккен жұмысын қажет етеді. Осыған қарамастан, көптеген ірі шет елдік фирмалар оқу орындарда компьютерлік білім беру жүйесін жасау жобаларын қаржыландырып, осы аймақта өздерінің зерттеулерін жүргізеді. Білім беруші электрондық басылым түсінігі соңғы 30 жыл ішінде өзгеріп келе жатқан дәстүрлі болып кеткен электрондық бағдарламалық құрал түсінігінен шығады. Алғашқы электрондық бағдарламалық оқыту құралдарын жасау үшін, сол кездегі бәріне мәлім бағдарламалау тілінде бағдарламалау технологиясы қолданылды. Программист рөлінде әдетте, ЖОО-ң студенттері немесе аспиранттар болды.

Кейінірек, өздерін оқыту-әдістемелік материалдармен толтыруға мүмкіндік беретін әмбебеп орта, яғни қабықшалар пайда болды. Мысалы, презентация PowerPoint. Мұндай қабықшалар бағдарламалауды қажет етпегенімен және әр оқытушы өзі электрондық бағдарламалық оқыту құралын дайындай алса да, кеңінен қолданылмады.

Қазіргі таңда электронды оқулықтарды жасау қалыпты жағдай болып келеді және оларды студенттердің оқу барсында  қолдануы жылдан жылға артуда. Алғашқы кезде электрондық оқулықтар қашықтықта оқитын студенттерге арналған болса, ал қазір электрондық баспаларды барлық оқу түріндегі студенттер қолданады.

Білім беруде компьютерлік технологияларды қолдану өте тиімді. Бұл компьютердің әрдайым өсіп отыратын мүмкіндіктері мен қызметтерімен және компьютерлерді жұмыста, үйде, әр түрлі жерлерде қолданумен байланысты.

Компьютерлер келесі мақсаттарда қолданылуы мүмкін:

  • оқу материалын әр түрлі форматтарда (мәтін, графика, дыбыс және бейне);
  •  бейнелеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін;
  • компакт-дискілерді, Интернет желісінің ақпарат көздеріндегі материалдарды оқытуда қолдану үшін;
  • оқушылар, мұғалімдер және т.б. арасындағы байланысты (электрондық пошта, телеконференциялар, чаттар) қамтамасыз ету үшін.

Компьютердің жоғарыда айтылған мүмкіндіктері оқу барысында бейне материалдарды қолдануға себепші.

Қазіргі кезде оқу процессі кезінде слайд-дәрістер қолдану кеңінен таралған. Бұл дәрісте оқу материалдары слайд түрінде көрсетіліп оқытушы дауысы кадрда жазылады. Арнайы дайындалған және анимацияланған слайдтар дәрістің мәтіндік және графикалық   материалдарын береді.

Бейне-сабақтар педагогикалық технологияның дамуының бір қадамы болып есептеледі. Адам баласының ақпаратты теледидар, компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтыны белгілі. Бейне-сабақты қолдану ақпаратты жоғарғы көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызықтырушылық тудырады. Егер оқытушының түсіндіруін студент дұрыс қабылдай алмай қалса, бейне-сабақтар арқылы түсіндіру қабылдауға жеңіл әрі қызықты. Мұндай әдіс жаңа материалды түсіндіруге кететін уақытты азайтады. Мысалы лекциялық материалдың мазмұны бүкіл бір сабақтың уақытын алса, ал оқу видеофильмдері – 20 минут қана уақыт алады немесе тәжірибелік жұмысқа нұсқауды көркем жеткізуге мүмкіндік береді. Осының арқасында материалды тәжірибелік меңгеруге көп уақыт қалады. Бейне-сабақты қысқаша талқылау материалдың негізгі кезеңдеріне назар аудартып, қорытындылар шығаруға көмектеседі. Яғни қажеттілігінше бейне-сабақтарды пайдалану студенттің пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Оқыту видеосын құру үшін әртүрлі аудиоредакторлар, видеоны өңдейтін программа, экран көрінісін сақтап қалатын утилит және т.б программалар қажет. Видеодәрістерді жасау үшін компьютер экранын видеофайлдарға жазатын программа керек. Camtasia Studio программалық өнімнің функционалдық мүмкіншіліктерімен  көп мәселерді шешуге болады. Camtasia Studio программасы арқылы әртүрлі видеодәрістер,  презентациялар және т.б жасауға болады.

Бұл бағдарлама монитордың өзің таңдаған бөлігін ғана видеоға түсіріп алады. Артынан оны өңдеп, соңғы нұсқаны студенттерге ұсынуға болады. Осы бағдарламамен сабақтардың әртүрлі бөліктерінде шағын видеороликтер жасау арқылы сабақтың жаңа тәсілдерін ұйымдастыруға болады. Бұл роликтердің маңыздылығы сол, оқытушы түсіндіргенде студент өзі түсінбеген тұстарды қайтадан айналдырып көру мүмкіндіктеріне ие бола алады.

Сурет-1.     Camtasia Studio программасының жалпы көрнісі

Информатика пәнінен   Camtasia Studio программасы бойынша видеодәрістер жасалынды.  Бұл программа мүмкіншілігі арқылы презентациялар видеодәрістерге  өзгертілді.

Сурет- 2.Информатика пәнінен “электрондық кестелер” тақырыбы бойынша видеодәріс көрінісі.


Библиографический список
  1.  О.В. Спиридонов. Создание видеоуроков в Camtasia Studio
  2.  Ахмет Л. Компьютерлік технологияны оқу-тәрбие процесінде пайдалану мүмкіндіктері / Л. Ахмет // Білім – Образование – 2009 – №3
  3. Роберт И. Новые информационные технологии в обучении: дидактические проблемы, перспективы использования
  4. Г.Ә Жапарова   «Информатика негіздері» Алматы заң әдебиет 2006ж
  5. http://ru.wikipedia.org/wiki/
  6. http://videouroki.net/


Все статьи автора «Damira»


© Если вы обнаружили нарушение авторских или смежных прав, пожалуйста, незамедлительно сообщите нам об этом по электронной почте или через форму обратной связи.

Связь с автором (комментарии/рецензии к статье)

Оставить комментарий

Вы должны авторизоваться, чтобы оставить комментарий.

Если Вы еще не зарегистрированы на сайте, то Вам необходимо зарегистрироваться: